«Елімай» елордалық клубты тізе бүктірді
Бұл «Елімайдың» соңғы бір айдағы алғашқы жеңісі болды.
ашық дереккөзден
Қазақстан Премьер-лигасының аясында семейлік «Елімай» өз алаңында астаналық «Жеңісті» 2:1 есебімен жеңді.
Есеп 20-минутта ашылды. Роман Муртазаев мергендік танытып, «Елімайды» алға шығарды. Алайда үзілістен кейін қонақтар таразы басын теңестірді. 48-минутта Исламбек Қуат гол соғып, есепті 1:1-ге жеткізді.
Кездесудің тағдыры 80-минутта шешілді. Фессу Плакка қарсылас қақпасын дәл көздеп, семейлік клубқа жеңіс сыйлады - 2:1.
Осы жеңістен кейін «Елімай» 17 ұпай жинап, турнир кестесінде 6-орынға көтерілді. Ал «Жеңіс» 13 ұпаймен 10-сатыда тұр.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу