Геннадий Головкин әлемдік бокс кешін тамашалау үшін арнайы Гизаға келді
Гиза төріндегі бұл кеш бокс жанкүйерлерінің назарын аударған ең ірі спорттық оқиғалардың біріне айналып отыр.
ашық дереккөзден
Бүгін Геннадий Головкин Гизаға (Мысыр) The Ring: Glory in Giza бокс кешін тамашалуға келді. Бұл ауқымды шоуда басты айқас украиналық абсолютті әлем чемпионы Александр Усик пен нидерландылық кикбоксшы Рико Верхувен арасында өтпек.
Бокс кеші Мысырдағы Гиза қаласында, әйгілі пирамидалар алдында арнайы орнатылған рингте өтіп жатыр. Бұл кештің ұйымдастырушысы Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх. Жоба 2026 жылдың ең ірі спорттық оқиғаларының бірі ретінде бағалануда.
Кештің алғашқы жекпе-жегінде мысырлық боксшы Омар Хикал танзаниялық Майкл Каляланы үшінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланғанымен, мерзімінен бұрын аяқталды.
Келесі кездесуде америкалық боксшы Джамар Талли (6-0, 5 КО) мысырлық Басем Мамдухты (10-2, 4 КО) екінші раундта нокаутпен жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын.
Тағы бір маңызды айқаста украиналық Даниэль Лапин (13-0, 5 КО) француз боксшысы Бенжамен Танимен (9-1, 2 КО) жұдырықтасты. Он раундқа жоспарланған кездесуде Тани төртінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Бұған дейін төреші Лапинге екі рет нокдаун санаған. Осылайша, Тани титулдық белбеулердің иегері атанса, Лапин кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Бокс кеші жалғасуда.
Айта кетейік, Александр Усик пен Рико Верхувен арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақытымен шамамен 2:00-де басталады.