Усик Гизадағы тарихи айқаста Верхувенді техникалық нокаутпен жеңді
Верхувен жекпе-жектің нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеді.
The Ring
Египеттің әйгілі Гиза пирамидалары маңында өткен кеште украиналық ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик нидерландылық кикбоксинг жұлдызы Рико Верхувенмен кездесті.
Жекпе-жек аса тартысты өтті. Он раунд бойы екі спортшы да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жанкүйерлерге керемет шоу сыйлады. Кездесудің шешуші сәті 11-раундтың соңында орын алды. Усик оң қолымен жойқын апперкот жасап, Верхувенді нокдаунға түсірді. Нидерланды спортшысы төрешінің санауы аяқталғанша орнынан тұрғанымен, төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңісті Усикке берді.
Жекпе-жектен кейін 37 жастағы Верхувен төрешінің шешімімен толық келіспейтінін айтты.
- Меніңше, жекпе-жек сәл ертерек тоқтатылды. Бірақ соңғы шешімді мен қабылдамаймын. Қалай болғанда да Усикпен бір рингте жұдырықтасу - мен үшін үлкен мәртебе болды, - деді ол.
Бұған дейін Усик британдық Даниэль Дюбуаны жеңіп, WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы чемпиондық белбеулерін сақтап қалған болатын.