Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық гимнаст қыздар 263,65 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста күміс медаль иеленді.

Командалық есепте спортшылардың жеке және топтық жаттығулардағы нәтижелері есепке алынды. 

Құрлық біріншілігінде алтын медальді Өзбекстан құрамасы 265,8 ұпаймен жеңіп алды. Ал Қытай құрамасы 262,85 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.

Жекелей сында ел намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғауда. Ал топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Аида Хакімжанова және Жасмин Джунусбаева өнер көрсетіп жатыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу