Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатына қатысатын футболшылар тізімі жарияланды
Өзбекстандық футболшылар 26-мамыр күні Ташкент-Нью-Йорк бағыты бойынша жолға шығады.
gazeta
22 мамыр күні Ташкент қаласындағы Бунёдкор стадионы алаңында Өзбекстан құрамасы ойыншыларын 2026 жылғы әлем чемпионатына шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты жиынды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ашып, бұл жетістіктің ел тарихындағы ерекше маңызын атап өтті және жанкүйерлерге ұмытылмас сәт сыйлаған футболшыларға, олардың ата-аналарына, бапкерлеріне және ұлттық құраманың барлық мүшесіне алғыс айтты.
Ал, бүгін Өзбекстан футбол қауымдастығы баспасөз қызметі әлем чемпионатына АҚШ-қа баратын 30 футболшыдан құралған кеңейтілген құрамды жариялады.
Өзбекстан құрамасының кеңейтілген тізіміне мына ойыншылар енді:
Қақпашылар:
Уткир Юсупов («Навбахор»), Ботирали Эргашев («Нефтчи»), Абдувахид Нематов («Насаф»).
Қорғаушылар:
Авазбек Улмасалиев (ОКМК), Жахонгир Урозов («Динамо»), Рустам Ашурматов («Истиклол»), Умар Эшмуродов («Насаф»), Абдуқодир Хусанов («Манчестер Сити»), Абдулла Абдуллаев («Дибба»), Фаррух Сайфиев («Нефтчи»), Хожиакбар Алижонов («Пахтакор»), Шерзод Насруллаев («Пахтакор»), Бехруз Каримов («Сурхон»).
Жартылай қорғаушылар:
Шерзод Эсанов («Бұхара»), Одил Хамробеков («Трактор»), Акмал Мозговой («Пахтакор»), Отабек Шукуров («Бани Яс»), Жамшид Искандеров («Нефтчи»), Жасур Жалолиддинов («Соғдиана»), Азиз Ғаниев («Әл-Батаех»), Умарали Рахмоналиев («Сабах»).
Шабуылшылар:
Аббос Файзуллаев («Истанбул Башакшехир»), Жалолиддин Машарипов («Истиклол»), Достон Хамдамов («Пахтакор»), Остон Урунов («Персеполис»), Руслан Жиянов («Навбахор»), Азиз Амонов («Динамо»), Шерзод Темиров («Эрбиль»), Игорь Сергеев («Персеполис»), Элдор Шомуродов («Истанбул Башакшехир»).
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. 2026 жылғы дүниежүзілік додада өзбек футболшылары топтық кезеңде Португалия, Колумбия және Конго құрамаларымен кездеседі.
Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Турнирге алғаш рет 48 құрама қатысады.
Қазіргі әлем чемпионы - Аргентина құрамасы. Олар 2022 жылғы Катарда өткен финалда Франция құрамасын жеңген еді.