Дастан Сәтпаев мектепті аяқтады

Жас талант жаңа өмірге қадам басты.

Дастан Сәтпаев мектепті аяқтады Getty Images

Дастан Сәтпаев үшін биылғы маусым ерекше есте қалмақ. «Қайрат» клубының шабуылшысы әрі қазақстандық футболдың болашағынан зор үміт күттіретін жас талант мектептегі оқуын ресми түрде аяқтады.

17 жастағы футболшы 2026 жылғы түлектерге арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, мектеппен қоштасты. Мерекелік жиында Дастан дәстүрлі «Жас түлек» лентасын тағып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ұстаздарына, ата-анасына және жақындарына алғыс айтып, оқу мен кәсіби спортты қатар алып жүру жолында көрсеткен қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ бүгін «Қайрат» футбол клубының өзге де ойыншылары мен тәрбиеленушілері мектептегі соңғы қоңырау үнін естіп, алтын ұя мектебімен қоштасты.

Клуб ұжымы жас түлектерге ақ жол тілеп, олардың армандары асқақ, мақсаттары айқын болуына тілектестік білдірді. Болашақта ел намысын абыроймен қорғайтын азаматтар мен азаматшалар атануына сенім артты.

Осылайша жас футболшының спорттағы жетістігі мен білім жолындағы еңбегі қатар өріліп, көпшілікке үлгі болуда.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу