«Ролан Гаррос»: Юлия Путинцева Париждегі камбэкпен жанкүйерлерді тәнті етті
24-мамыр мен 8-маусым аралығында Парижде Франция ашық чемпионаты өтуде.
ашық дереккөзден
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады. Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші аустралиялық Талия Гибсонпен кездесіп, тартысты матчта жеңіске жетті.
Кездесу 2 сағат 20 минутқа созылды. Алғашқы сетте 4:6 есебімен есе жіберген Путинцева кейін ойын тізгінін өз қолына алып, келесі екі партияда сенімді өнер көрсетті - 6:4, 6:1.
Енді Юлия екінші айналымда колумбиялық Мария Осорио мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы матчтың жеңімпазы Осориомен кездеседі.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» - әлемдегі ең беделді «Үлкен дулыға» турнирлерінің бірі. Париждегі додада Қазақстан теннисшілері сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда.