Бибісара Асаубаева Норвегиядағы турнирді жеңіспен бастады

Әйелдер арасындағы жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион 690 мың норвег кронын құрайды.

Бибісара Асаубаева Норвегиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияда өтіп жатқан беделді Norway Chess Women 2026 турнирін жеңіспен бастады.

Алғашқы турда қазақстандық спортшы қара тастармен үндістандық гроссмейстер Хампи Конерумен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Тартысты партия 1:0 есебімен Асаубаеваның пайдасына аяқталды.

Келесі турда Бибісара Қытай өкілі Чжу Цзиньэрмен ойнайды. Турнир 25-мамыр мен 6-маусым аралығында өтуде.

Айта кетейік, алғашқы турдың қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева жарыстың турнирлік кестесінде көш бастап тұр. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу