Қазақстан құрамасы Тәжікстандағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды

Тәжікстанның Данғара қаласында үстел теннисінен Тәжікстан Республикасы Президентінің Ашық кубогы мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы Тәжікстандағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды ttfrk.kz

Халықаралық турнирге Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан өңірлерінен келген 23 команда қатысты.

Қазақстан құрамасы жарыста сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте алты медаль жеңіп алды. Отандастарымыз екі алтын, үш күміс және бір қола жүлдеге қол жеткізді.

Ерлер арасындағы жекелей сында Айдос Кенжигулов күміс медаль иеленсе, Санжар Жұбанов қола жүлдегер атанды. Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Анель Бақыт чемпион атанып, Ангелина Романовская екінші орынға ие болды.

Командалық жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Бұл сында бірінші орынды Тәжікстан құрамасы иеленсе, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.

Әйелдер арасындағы командалық турнирде Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Екінші орынды Өзбекстан иеленсе, қола жүлде Тәжікстан командасына бұйырды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу