Испания құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
Әлем чемпионатында өнер көрсететін Испания құрамасында «Реал Мадрид» клубының бірде-бір ойыншысы жоқ.
Alex Caparros / Getty Images
Испания корольдік футбол федерациясы (RFEF) 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың соңғы тізімін жариялады.
Бұған дейін бас бапкер Луис де ла Фуэнте кеңейтілген тізімге 55 футболшыны енгізген болатын. Соңғы құрамға 26 ойыншы енді.
Қақпашылар: Унаи Симон («Атлетик»), Давид Райя («Арсенал»), Жоан Гарсия («Барселона»).
Қорғаушылар: Пау Кубарси («Барселона»), Эмерик Ляпорт («Атлетик»), Марк Кукурелья («Челси»), Алехандро Гримальдо («Байер»), Марк Пубиль («Атлетико»), Эрик Гарсия («Барселона»), Маркос Льоренте («Атлетико»), Педро Порро («Тоттенхэм»).
Жартылай қорғаушылар: Педри («Барселона»), Фабиан Руис («ПСЖ»), Мартин Субименди («Арсенал»), Дани Ольмо («Барселона»), Гави («Барселона»), Родри («Манчестер Сити»), Алекс Баэна («Атлетико»), Микель Мерино («Арсенал»).
Шабуылшылар: Микель Оярсабаль («Реал Сосьедад»), Ламин Ямаль («Барселона»), Нико Уильямс («Атлетик»), Ферран Торрес («Барселона»), Йереми Пино («Кристал Пэлас»), Борха Иглесиас («Сельта»), Виктор Муньос («Осасуна»).
Н тобында испаниялықтар Кабо-Верде құрамасы, Сауд Арабиясы құрамасы және Уругвай құрамасы командаларына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, әлем чемпионатына арналған Испания құрамасында «Реал Мадрид» клубының бірде-бір ойыншысы жоқ. Есесіне «Барселона» клубынан бірден сегіз футболшы шақырту алды.
Ал, Пабло Барриос пен Коке құрамнан тыс қалды. Барриос елдегі ең талантты жас ойыншылардың бірі саналса, Коке маусымның екінші жартысын өте жоғары деңгейде өткізді. Алайда Барриос ұзақ уақыт жарақаттан айықса, Коке тәжірибелі ардагер саналады. Сондықтан бапкердің бұл шешімі қисынды деп бағалануда.
Сондай-ақ Робен Ле Норман тізімге енбей қалды. Оның орнына «Атлетиконың» жаңа ойыншысы Марк Пубиль шақырту алып, соңғы уақытта қарқынды дамуымен көзге түсіп жүр. Сарапшылар оның тіпті негізгі құрамнан орын алуы мүмкін екенін айтуда.