Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирін алғашқы айналымда аяқтады

24 мамыр мен 6 маусым аралығында «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің негізгі кезеңі өтуде.

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирін алғашқы айналымда аяқтады ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франция ашық чемпионатында алғашқы айналымнан әрі аса алмады. 

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде германиялық Ян-Леннард Штруффке есе жіберді. Үш сағат 14 минутқа созылған тартысты матч төрт сетке ұласты - 7:5, 6:7, 6:4, 7:6.

Бублик екінші сетте тай-брейкте жеңіске жетіп, есепті теңестіргенімен, шешуші сәттерде қарсыласы жақсы ойын көрсетті. Нәтижесінде Штруфф келесі кезеңге жолдама алды.

Енді германиялық теннисші екінші айналымда португалиялық Джейми Фария мен канадалық Денис Шаповалов арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 72,8 миллион долларды құрайды. Ерлер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 3,3 миллион доллар сыйақы алса, финалистке 1,65 миллион доллар табысталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу