Елена Рыбакина күтпеген жерден «Ролан Гарростан» шығып қалды
Елена Рыбакина екінші айналымда-ақ сүрінді.
ашық дереккөзден
Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатында украиналық Юлия Стародубцеваға есе жіберді.
Кездесу сәтті басталған еді. Рыбакина алғашқы сетте сенімді ойын көрсетіп, 6:3 есебімен басым түсті. Алайда кейін матчтың бағыты түбегейлі өзгерді. Стародубцева қарқынын күшейтті.
Нәтижесінде украиналық теннисші келесі екі сетте басымдық танытып, 6:1 және 7:6 (10:4) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Рыбакина Франция ашық чемпионатын күтпеген жерден аяқтады.
Ал Юлия Стародубцева үшінші айналымда америкалық Хейли Баптист пен қытайлық Сю Ван Ван арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу