«Кристал Пэлас» Конференция лигасының жеңімпазы атанды

Ойын тағдырын жалғыз гол шешті.

«Кристал Пэлас» Конференция лигасының жеңімпазы атанды Maja Hitij/Getty Images

«Кристал Пэлас» УЕФА Конференция лигасының финалында испаниялық «Райо Вальекано» командасын 1:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Кездесу барысында допты бақылау жағынан испаниялық клуб басым болғанымен, қауіпті сәттерді ағылшын командасы жиі ұйымдастырды. Алғашқы таймда екі команда да бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен, есеп ашылған жоқ.

Екінші тайм басталғаннан кейін көп ұзамай «Кристал Пэлас» жеңіс голын соқты. Жан-Филипп Матета қақпашы қайтарған допты бірден торға бағыттап, командасын алға шығарды - 1:0.

Араға бірнеше минут салып, «Райо Вальекано» таразы басын теңестіруге жақын болды. Алайда Йереми Пиноның айып добынан кейінгі соққысы бағанаға тиіп, кері қайтты.

Матчтың қалған бөлігінде испаниялық клуб шабуылды күшейткенмен, «Кристал Пэлас» қорғаныста сауатты ойнап, қарсыласына нақты мүмкіндік берген жоқ.

Осылайша «Кристал Пэлас» өз тарихындағы ең маңызды халықаралық жетістіктердің біріне қол жеткізіп, Конференция лигасының чемпионы атанды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу