«Ордабасы» «Қайратты» жеңіп, ҚПЛ-да көш бастады

«Ордабасы» өз алаңында алматылық клубты тізе бүктірді.

«Ордабасы» «Қайратты» жеңіп, ҚПЛ-да көш бастады

Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында алматылық «Қайрат» клубын 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Кездесу алматылықтардың жылдам голымен басталды. Матчтың 14-минутында португалиялық шабуылшы Жоржиньо қарсылас қақпасынан саңылау тауып, «Қайратты» алға шығарды.

Алайда шымкенттіктер тез арада ойын тізгінін өз қолына алды. «Ордабасы» шабуылды үдетіп, бірінші тайм аяқталмай жатып есепті теңестірді. 26-минутта қорғаушы Ги-Марселин Килама шабуылға қосылып, дәл соққымен мергендік танытты - 1:1.

Екінші тайм тартысты өтті. Қос команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, шешуші голды алаң иелері соқты. 64-минутта шабуылшы Эльхан Астанов қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Ордабасыға» маңызды жеңіс сыйлады.

Осылайша, шымкенттік клуб 28 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде көш бастады. Ал «Қайрат» 26 ұпаймен екінші орынға сырғыды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу