Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турниріндегі өнерін аяқтады

Қазақстанның соңғы үміті де жарыстан шығып қалды.

Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турниріндегі өнерін аяқтады ktf.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады. Отандасымыз турнирдің екінші айналымында колумбиялық Мария Осориодан жеңіліп қалды.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған тартысты кездесу үш сетке ұласып, 7:5, 6:7, 7:5 есебімен Осорионың пайдасына аяқталды. Путинцева матч барысында мінез танытып, екінші партияда жеңілістен құтылып, ойынды шешуші сетке жеткізген еді. Алайда соңғы сәттерде колумбиялық теннисші сәтті ойнап, келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша Мария Осорио турнирдің үшінші айналымына шығып, ресейлік Анна Калинскаямен кездесетін болды.

Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина, ерлер арасындағы көшбасшылар Александр Бублик пен Александр Шевченко да жарысты ерте аяқтаған болатын.

Осылайша Қазақстан теннисшілері биылғы Франция ашық чемпионатының жекелей сындарындағы өнерлерін толық аяқтады.

Ал, жұптық сында Анна Данилина Александра Круничпен бірге алғашқы кезеңде жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу