«Ролан Гаррос»: Анна Данилина жұптық сында үшінші айналымға шықты

Биылғы «Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық теннисшілерден тек Анна Данилина үшінші айналымға дейін жетті.

«Ролан Гаррос»: Анна Данилина жұптық сында үшінші айналымға шықты ашық дереккөзден

Әлемдік WTA жұптық рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге турнирдің екінші кезеңінде Аустралия өкілі Майя Джойнт пен бельгиялық Хенне Вандевинкельден құралған жұпты жеңді.

Турнирде екінші нөмірмен тіркелген Данилина мен Крунич матч барысында басымдық танытып, өз геймдерінде сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде кездесуді екі сетте - 6:2, 6:3 есебімен аяқтады.

Енді ширек финал жолдамасы үшін қазақстандық-сербиялық дуэт украиналық Даяна Ястремская мен Ангелина Калининаға қарсы ойнайды.

Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сыннан бөлек, микст турнирінде де өнер көрсетіп жатыр. Ол америкалық Джей-Джей Трэйсимен бірге үшінші айналымға шығу үшін кортқа шығады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу