Дастан Сәтпаевтың жейдесі Чемпиондар лигасының финалы алдында көрмеге қойылды
Сәтпаевтың жейдесі әлемге танымал футболшылардың жәдігерлерімен қатар қойылған.
ашық дереккөзден
Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойын жейдесі УЕФА Чемпиондар лигасының финалы қарсаңында ұйымдастырылған арнайы көрмеге қойылды.
Көрме Венгрия астанасы Будапешттегі Батырлар алаңында орналасқан турнирдің орталық фан-аймағында өтіп жатыр. Экспозицияға әлемдік футболда өзіндік із қалдырған ойыншылардың жейделері қойылған.
Сәтпаевтың жейдесі әлемге танымал футболшылардың жәдігерлерімен қатар қойылған. Олардың қатарында бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне, бразилиялық қорғаушы Давид Луис және хорватиялық шабуылшы Иван Перишичтің жейделері бар.
Бұл оқиға жас қазақстандық футболшының халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі уақытта Дастан Сәтпаев отандық футболдағы ең жарқын таланттардың бірі саналады.