Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Заңғар Нұрланұлы 1/16 финалға шықты.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Францияның Париж қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін сәтті бастады.
17 жастағы қазақстандық спортшы жарыстың алғашқы айналымында Ұлыбритания өкілі Марк Чебанмен кездесті. Матч барысында Занғар ойын тізгінін өз қолында ұстап, қарсыласынан екі сетте басым түсті. Кездесу 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 37 минут өнер көрсетті. Осылайша, Нұрланұлы турнирдің екінші кезеңіне шығып, жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» жарысындағы жорығын жалғастыруға мүмкіндік алды.
Енді қазақстандық теннисші 1/16 финалда жапониялық Мотохару Абе мен америкалық Агасси Рашер арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.
Айта кетейік, Занғар Нұрланұлы соңғы уақытта халықаралық жарыстарда тұрақты нәтиже көрсетіп, Қазақстанның жас теннисшілері арасындағы жарқын таланттардың бірі ретінде танылып келеді.