Норвегия хоккей тарихында алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
Норвегиялықтар овертаймда Канаданы тізе бүктірді.
championat
Норвегия құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетіп, алғаш рет қола жүлде иеленді.
Швейцарияның Цюрих қаласында үшінші орын үшін өткен матчта норвегиялықтар Канада құрамасын қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңді. Кездесу барысында Норвегия сапынан Эмилио Петтерсен мен Стиан Сульберг негізгі уақытта мергендік танытса, овертаймда шешуші шайбаны Ной Стин соқты.
Канадалықтардың қатарында Роберт Томас екі мәрте көзге түсіп, командасын жеңілістен құтқаруға тырысқанымен, бұл нәтиже үшін жеткіліксіз болды.
Осылайша, Норвегия құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Бұған дейін команданың әлемдік додадағы ең үздік көрсеткіші 1951 жылы тіркелген төртінші орын болаттын.
Сондай-ақ бүгін финалда Швейцария мен Финляндия кездеседі.