Қазақстандық мергендер Словения төрінде табысты өнер көрсетті
Құрамамыз жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
ашық дереккөзден
Словенияның Камник қаласында өткен «Veronica’s Cup» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы кезекті мәрте жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Ильфат Абдуллин чемпион атанды. Финалдық кездесуде ол Үндістан өкілі Сачин Гуптаны жеңіп, турнирдің алтын медалін иеленді.
Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасы құралмалы садақ атудан командалық сайыста қола жүлдеге қол жеткізді. Ел намысын Виктория Лян, Роксана Юнусова және Адель Жексенбинова қорғады. Үшінші орын үшін өткен кездесуде отандастарымыз Люксембург командасынан басым түсті.
Биыл турнирге әлемнің 30-ға жуық елінен 330-дан астам спортшы қатысты.