Әлем чемпионаты қарсаңында Өзбекстан Канадаға есе жіберді

Өзбекстан футболшылары келесі кездесуін Нидерланды құрамасына қарсы өткізеді.

Әлем чемпионаты қарсаңында Өзбекстан Канадаға есе жіберді uzbekistanfa

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне дайындық аясында Канада құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Канаданың Эдмонтон қаласындағы «Коммонвелс» стадионында өткен матч алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 2:0.

Кездесудің алғашқы таймы тартысты әрі тең дәрежеде өтті. Екі команда да шабуылда белсенділік танытқанымен, есеп ашылмады. Өзбекстан құрамасының капитаны Элдор Шомуродов бірнеше мәрте қауіпті сәттер ұйымдастырып, қақпашымен жеке дара шықты. Алайда Канада құрамасының қақпашысы Максим Крепо сенімді ойнап, командасын голдан құтқарып қалды.

Матчтағы негізгі оқиғалар үзілістен кейін өрбіді. 58-минутта канадалық жартылай қорғаушы Джонатан Осорио есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Голдан кейін өзбекстандықтар шабуылды күшейтіп, жауап қайтаруға тырысты. Әсіресе Аббосбек Файзуллаевтың гол соғуға мүмкіндігі болды. Дегенмен есепті теңестірудің сәті түспеді.

Кездесудің қосымша уақытында, нақтырақ айтқанда 90+1-минутта Джейден Нельсон Канада құрамасының екінші голын соғып, матч тағдырын түбегейлі шешті. 

Бұл кездесу Өзбекстан құрамасы үшін әлем чемпионаты алдындағы алғашқы сынақтардың бірі болды. Команда енді 8 маусым күні Нидерланды құрамасына қарсы жолдастық матч өткізіп, жаһандық дода қарсаңындағы дайындығын пысықтайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу