ПСЖ жұлдыздары Чемпиондар лигасының кубогын «Ролан Гарросқа» алып келді

ПСЖ футболшылары Чемпиондар лигасының трофейлерін көрермендерге таныстырды.

ПСЖ жұлдыздары Чемпиондар лигасының кубогын «Ролан Гарросқа» алып келді Getty Images

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының футболшылары УЕФА Чемпиондар лигасының екі бірдей кубогын әйгілі «Ролан Гаррос» теннис турнирінде кортқа алып шықты.

Париждік команда осымен екінші жыл қатарынан Еуропаның басты клубтық турнирінің жеңімпаздарына берілетін жүлдені беделді теннис жарысында көпшілік назарына ұсынды. Бұл дәстүр клубтың халықаралық спорт аренасындағы жетістіктерін дәріптеуге бағытталған.

Биылғы салтанатты рәсімге Уоррен Заир-Эмери, Брэдли Баркола, Усман Дембеле және Дезире Дуэ қатысты. Олар Чемпиондар лигасының трофейлерін көрермендерге таныстырып, теннис жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалы Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында өтті. Шешуші кездесуде «Пари Сен-Жермен» лондондық «Арсеналды» пенальти сериясында жеңіп, Еуропаның ең беделді клубтық турниріндегі чемпиондық атағын қорғап қалды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу