Футбол тойы басталады: Әлем чемпионатының матчтары Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі
2026 жылғы әлем чемпионатының толық кестесі жарияланды.
Getty Images
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын Қазақстанда Qazsport пен Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Әлем чемпионаты 11 маусым күні АҚШ, Канада және Мексикада басталады. Турнирдің ашылу матчы Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасында Мехикодағы әйгілі "Ацтека" стадионында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша кездесу 12 маусым күні сағат 00:00-де басталады.
Әлем чемпионатына қатысатын 48 құрама 4 командадан тұратын 12 топқа бөлінген. Плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған құрамалардың ішіндегі ең үздік сегіз команда жолдама алады. Осылайша, 32 құрама 1/16 финалдан бастап жүлде үшін күресті жалғастырады.
Топтық кезең кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):
12 маусым
00:00 – Мексика – ОАР
07:00 – Оңтүстік Корея – Чехия
13 маусым
00:00 – Канада – Босния және Герцеговина
06:00 – АҚШ – Парагвай
09:00 – Аустралия – Түркия
14 маусым
00:00 – Катар – Швейцария
03:00 – Бразилия – Марокко
06:00 – Гаити – Шотландия
22:00 – Германия – Кюрасао
15 маусым
01:00 – Нидерланды – Жапония
04:00 – Кот-д’Ивуар – Эквадор
07:00 – Швеция – Тунис
21:00 – Испания – Кабо-Верде
16 маусым
00:00 – Бельгия – Мысыр
03:00 – Сауд Арабиясы – Уругвай
06:00 – Иран – Жаңа Зеландия
09:00 – Аустрия – Иордания
17 маусым
00:00 – Франция – Сенегал
03:00 – Ирак – Норвегия
06:00 – Аргентина – Алжир
22:00 – Португалия – Конго Демократиялық Республикасы
18 маусым
01:00 – Англия – Хорватия
04:00 – Гана – Панама
07:00 – Өзбекстан – Колумбия
21:00 – Чехия – ОАР
19 маусым
00:00 – Швейцария – Босния және Герцеговина
03:00 – Канада – Катар
06:00 – Мексика – Оңтүстік Корея
09:00 – Түркия – Парагвай
20 маусым
00:00 – АҚШ – Аустралия
3:00 – Шотландия – Марокко
06:00 – Бразилия – Гаити
09:00 – Тунис – Жапония
22:00 – Нидерланд – Швеция
21 маусым
01:00 – Германия – Кот-д’Ивуар
05:00 – Эквадор – Кюрасао
21:00 – Испания – Сауд Арабиясы
22 маусым
00:00 – Бельгия – Иран
03:00 – Уругвай – Кабо-Верде
06:00 – Жаңа Зеландия – Мысыр
22:00 – Аргентина – Аустрия
23 маусым
02:00 – Франция – Ирак
05:00 – Норвегия – Сенегал
08:00 – Иордания – Алжир
22:00 – Португалия – Өзбекстан
24 маусым
01:00 – Англия – Гана
04:00 – Панама – Хорватия
07:00 – Колумбия – Конго Демократиялық Республикасы
Плей-офф кезеңі
1/16 финал матчтары 29 маусым мен 4 шілде аралығында өтеді. 1/8 финалдық кездесулер 4–8 шілде күндеріне жоспарланған.
Ширек финалдар:
10 шілде – 01:00
11 шілде – 00:00
12 шілде – 02:00 және 06:00
Жартылай финалдар:
15 шілде – 00:00
16 шілде – 00:00
Үшінші орын үшін матч
19 шілде – 02:00
Әлем чемпионы 20 шілде күні анықталады.
Финал
20 шілде – 00:00