Анна Данилина «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты
Анна Данилина 5-маусым күні жұптық сында «Ролан Гарростың» жартылай финалында өнер көрсетеді.
ашық дереккөзден
Анна Данилина Франция ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетуде. Ширек финалда қазақстандық спортшы сербиялық Александра Круничпен бірге аустралиялық Эллен Перес пен нидерландылық Деми Схюрс жұбымен кездесті. Тартысты өткен матчта Данилина мен Крунич екі сетте жеңіске жетіп, кездесуді 6:4, 7:6 (8:6) есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, қазақстандық-сербиялық жұп беделді «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты. Енді олар финал жолдамасы үшін жапониялық Сюко Аояма мен Тайвань өкілі Лян Энь Шоға қарсы ойнайды.
Алайда Анна Данилина аралас жұптар арасындағы өнерін аяқтады. Қазақстандық теннисші америкалық Джеймс Трэйсимен бірге микст санатында ширек финалға дейін жеткен болатын. Бұл кезеңде олардың жұбы қарсыластарына есе жіберіп, турнирмен қоштасты.
Соған қарамастан Данилина Париж корттарындағы жорығын жалғастыруда. Енді ол «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шығу үшін маңызды матч өткізеді.