Алан Құрманғалиев мансабын Францияда жалғастырады

19 жастағы қазақстандық үстел теннисінің шебері Франция чемпионатында өнер көрсететін болды.

Алан Құрманғалиев мансабын Францияда жалғастырады ашық дереккөзден

Қазақстанның үстел теннисіндегі болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі Алан Құрманғалиев Францияның бес дүркін чемпионы - GV Hennebont Tennis de Table клубының ойыншысы атанды.

Бұл туралы француз клубы ресми түрде хабарлады. Hennebont клубының өкілдері қазақстандық теннисшіні әлемдік үстел теннисіндегі жаңа буынның ең талантты ойыншыларының бірі ретінде бағалайтынын атап өтті.

Жас болғанына қарамастан, Құрманғалиев халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерді. 2024 жылы ол жекелей сында Қазақстан чемпионы атанып, сондай-ақ Бейрут қаласында өткен WTT Feeder турнирінде жүлдеге ие болды.

Клуб басшылығы қазақстандық спортшымен келісімшарт жасау команданың даму стратегиясына толық сәйкес келетінін мәлімдеді. 

Мамандардың пікірінше, Франция чемпионатына ауысу Алан Құрманғалиевтің кәсіби мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл оған Еуропаның жоғары деңгейдегі жарыстарында тәжірибе жинақтап, шеберлігін одан әрі шыңдауға мүмкіндік береді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу