«Реал» қорғанысын күшейтті: Конате мен Дюмфриспен келісім жасалды

Таяу күндері «Реал» Конате мен Дюмфристің келісімшартына байланысты ресми мәлімдеме жасайды.

«Реал» қорғанысын күшейтті: Конате мен Дюмфриспен келісім жасалды ашық дереккөзден

Мадридтің «Реал» клубы жазғы трансферлік науқан аясында қорғаныс шебін екі бірдей футболшымен күшейтті. Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, француз қорғаушысы Ибраима Конате мен нидерландылық футболшы Дензел Дюмфрис «Корольдік клубпен» келісімшартқа отырған.

Конатенің «Ливерпульмен» жасасқан келісімі 30 маусымда аяқталады. Осыған байланысты мадридтік клуб футболшымен тікелей келіссөз жүргізіп, оны еркін агент ретінде өз қатарына қосты. Тараптар төрт жылдық келісімшартқа қол қойған.

Француз қорғаушысына Сауд Арабиясының бірнеше клубы қызығушылық танытқанымен, ол мансабын Испанияда жалғастыруды жөн көріп, «Реалдың» ұсынысын қабылдаған.

Сонымен қатар, мадридтік команда оң қапталдағы қорғаныс шебін де күшейтті. «Интер» сапында өнер көрсеткен Дензел Дюмфрис «Реалдың» жаңа ойыншысы атанды. Клуб футболшының 20 миллион еуро көлеміндегі өтемақысын төлеп, трансферді рәсімдеді.

Нидерланды құрамасының қорғаушысы медициналық тексерістен сәтті өтіп, Конате секілді төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

Ақпаратқа сәйкес, екі трансфердің жүзеге асуына клуб президенті Флорентино Перес тікелей ықпал еткен. Трансфер бойынша ресми хабарлама «Реал» президентінің сайлауынан кейін, яғни 7-маусым күні жарияланады деп күтілуде.

Осылайша, мадридтік клуб жаңа маусым қарсаңында қорғаныс шебін айтарлықтай күшейтіп, турнирлерде жоғары нәтиже көрсетуге ниетті екенін аңғартты.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу