Иван Дычко Англияда өтетін Zuffa Boxing турнирінде өнер көрсетеді
Ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз Харви Дайкске қарсы шаршы алаңға шығады.
ашық дереккөзден
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Рио-де-Жанейрода, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 07 турнирінде шаршы алаңға шығады.
Иван Дычконың қарсыласы жергілікті боксшы Харви Дайкс болмақ. Қазіргі таңда қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы көрсеткіші - 15 жеңіс (14 нокаут) және бір жеңіліс. Ал оның қарсыласы Харви Дайкс жеті жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.
Айта кетейік, Zuffa Boxing жобасы UFC президенті Дана Уайт пен инвестор Турки Әл аш-Шейхтың бастамасымен құрылған. Бұл ұйыммен келісімшартқа отырған қазақстандық боксшылардың қатарында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те бар.