Хоккейден Қазақстан құрамасының 2027 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Халықаралық хоккей федерациясы 2027 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіне арналған жеребе қорытындысын жариялады.
icehockey
Қазақстан ұлттық құрамасы элиталық дивизиондағы өнерін В тобында өткізетін болды. Алдағы додада қазақстандық хоккейшілерді өте күрделі сынақ күтіп тұр. Команда әлем хоккейіндегі ең мықты құрамалардың бірі саналатын бірнеше қарсыласпен кездеседі. Бұл турнир ұлттық құраманың деңгейін бағалап қана қоймай, әлемнің үздік командаларымен бәсекеге қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді.
2027 жылғы әлем чемпионаты 14-30 мамыр аралығында Германияның Дюссельдорф және Мангейм қалаларында өтеді. Әлемдік біріншілікке жер шарының ең үздік құрамалары қатысып, чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биыл бірінші дивизионның А тобында жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға қайта оралды. Талғат Жайлауов шәкірттері әлем чемпионатының топтық кезеңінде Канада, АҚШ, Чехия, Словакия, Дания, Норвегия және Венгрия құрамаларымен күш сынасады.