Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын қашан өткізетіні белгілі

Бүгін «Қайрат» футбол клубы өз түлегі Дастан Сәтпаевтың команда сапындағы соңғы матчтары қашан өтетінін ресми түрде хабарлады.

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын қашан өткізетіні белгілі ашық дереккөзден

Қазақстан чемпионаты аясында 13 маусымда «Атырауға» және 17 маусымда «Қызылжарға» қарсы Алматыда өтетін кездесулер жас шабуылшының сары-қаралар жейдесіндегі соңғы ойындары болмақ.

Клуб мәліметінше, «Қызылжарға» қарсы матч аяқталғаннан кейін Орталық стадионда футболшыға арналған арнайы қоштасу рәсімі ұйымдастырылады. 

«Қызылжарға» қарсы матчтан кейін Орталық стадионда шабуылшымызға арналған қоштасу рәсімі өтеді. Ол алдағы уақытта еуропалық үлкен сахнада жаңа сынаққа қадам басады.

Он жыл бұрын Дастан «Қайрат» Академиясына арманымен, өзіне деген сеніммен, футболға деген сүйіспеншілігімен келген еді. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады,- делінген алматылық клубтың ресми мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, Дастан Сәтпаевтың Англияның «Челси» клубына ауысатыны туралы 2025 жылдың ақпан айында белгілі болған еді. Тараптар келісімді ертерек рәсімдегенімен, футболшы кәмелет жасына толғаннан кейін ғана Лондонға аттанады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу