Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жолдама алды
Финалда Анна Данилина мен Александра Крунич әлемдік рейтингтің кқшбасшыларына қарсы кортқа шығады.
ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Франция ашық чемпионатының финалына шықты.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы сербиялық Александра Круничпен бірге жапониялық Сюко Аояма мен Тайвань өкілі Лян Энь-Шо жұбымен кездесті. Париж корттарында өткен тартысты матч 1 сағат 35 минутқа созылып, Данилина мен Круничтің сенімді жеңісімен аяқталды - 7:5, 6:2.
Екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-сербиялық дуэт алғашқы сетте ойдағыдай нәтиже көрсете алмағандарымен, маңызды сәттерде сауатты ойнап, басымдыққа ие болды. Ал екінші партияда қарсыластарына мүмкіндік бермей, кездесуді өз пайдасына аяқтады.
Осылайша Анна Данилина мансабындағы тағы бір ірі жетістікке қол жеткізіп, «Үлкен дулыға» турнирінің финалына жолдама алды. Енді чемпиондық атақ үшін өтетін шешуші кездесуде Данилина мен Крунич жарыстың басты фавориттері саналатын чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендке қарсы ойнайды.