Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінің соңғы турында жеңіліс тапты

Соңғы турдағы жеңіліске қарамастан Бибісара турнирдің жеңімпазы атанды.

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінің соңғы турында жеңіліс тапты ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінің соңғы турында әлемнің қазіргі чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюньге есе жіберді.

Тартысты өткен партияда бес дүркін әлем чемпионы атанған қытайлық гроссмейстер жеңіске жетіп, алғашқы айналымдағы жеңілісінің есесін қайтарды. 

Айта кетейік, турнирдің алғашқы турында Асаубаева Цзюй Вэньцзюньді жеңіп, көпшілікті таңғалдырған болатын.

Соңғы турдағы сәтсіздікке қарамастан, қазақстандық шахматшы жарыстың жеңімпазы атанды. Бибісара чемпиондық атақты бір күн бұрын-ақ мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен еді.

Қорытынды есеп бойынша Асаубаева 16,5 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды қытайлық Чжу Цзиньэр (16 ұпай) иеленсе, үздік үштікті украиналық Анна Музычук (15 ұпай) түйіндеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу