Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

Норвегиядағы жеңіс нәтижесін берді.

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте үздік бестікке енді ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тағы бір маңызды белесті бағындырды. Норвегияда өткен беделді Norway Chess Women 2026 турниріндегі жарқын жеңісінен кейін отандасымыз рейтингте екі саты жоғарылап, әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді.

Бибісара турнир аяқталуына бір тур қалғанда-ақ чемпиондық атақты мерзімінен бұрын иеленіп, халықаралық шахмат қауымдастығының назарын өзіне аударған болатын. Енді бұл табыс оның әлемдік рейтингтегі көрсеткішіне де оң әсерін тигізді.

Әлемдік лайв-рейтингте көш бастап тұрған шахматшы - Қытай өкілі Хоу Ифань. Оның көрсеткіші 2596,0 ұпайды құрайды. Екінші орында 2566,0 ұпаймен Лэй Тинцзе орналасса, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь 2559,6 ұпаймен үздік үштікті түйіндейді.

Төртінші сатыда 2549,6 ұпай жинаған Чжу Цзиньэр тұр. Ал қазақстандық Бибісара Асаубаева 2537,6 рейтингтік ұпаймен әлемнің үздік бес шахматшысының қатарынан орын алды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу