Қазақстан U-19 құрамасы Сербияны жеңді
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде маңызды жеңіске жетті.
kff.kz
Салоники қаласында өткен кездесуде қазақстандық футболшылар Сербияны 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ойынның 9-минутында Милованович Сербияны алға шығарғанымен, 25-минутта Төре Исмағұлов есепті теңестірді. Ал екінші таймда Исмаил Бекболат жарқырап көрінді. Ол 47 және 51-минуттарда гол соғып, дубль авторы атанды.
Қалған уақытта Қазақстан құрамасы қорғаныста сенімді ойнап, жеңісті есепті сақтап қалды. Осылайша команда турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, іріктеудің алғашқы матчында қазақстандық жасөспірімдер Португалиямен 1:1 есебімен тең түскен болатын. Сербияны жеңгеннен кейін Қазақстан U-19 құрамасы төрт ұпаймен өз тобында бірінші орынға көтерілді.