19 жасар Мирра Андреева «Ролан Гаррос» турнирінің чемпионы атанды
Бүгін Мирра Андреева 2000 ұпай иеленіп, әлемдік рейтингте 6-орынға көтерілді.
WTA
Ресейлік теннисші Мирра Андреева мансабындағы ең ірі жетістікке қол жеткізіп, «Ролан Гаррос» турнирінің чемпионы атанды. Әлемнің сегізінші ракеткасы финалда Польша өкілі Майя Хвалиньсканы 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Осылайша 19 жастағы Андреева мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Бұл жеңістің арқасында Мирра Андреева XXI ғасырдағы «Үлкен дулыға» турнирін жеңген ең жас теннисшілердің қатарына енді. Сондай-ақ ол WTA чемпиондық жарысының көшін бастайтын болады.
Андреева үшін бұл «Ролан Гарростағы» алғашқы финал еді. Бұған дейін ол 2023 жылы үшінші айналымға дейін жетсе, 2024 жылы жартылай финалда, ал 2025 жылы ширек финалда өнер көрсеткен болатын.