Иван Дычко Англияда өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

Жекпе-жек барысында Иван Дычко қарсыласын нокдаунға түсірді.

Иван Дычко Англияда өткен жекпе-жекте жеңіске жетті zuffaboxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко Ұлыбританияның Борнмут қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті. 

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз жергілікті боксшы Харви Дайкспен қолғап түйістірді. Он раундқа жоспарланған тартысты кездесу барысында Дычко алғашқы раундтың өзінде қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдықты қолға алды. Нәтижесінде қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласынан тізе бүктірді. Қорытынды есеп Дычконың пайдасына 97-92, 94-95, 97-92.

Осылайша Иван Дычко кәсіпқой рингтегі 16-жеңісіне қол жеткізсе, бұған дейін жеңілістің дәмін татпаған Харви Дайкс мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Бұл жеңіс қазақстандық боксшы үшін ерекше маңызға ие. Өйткені Дычко өткен жылдың қыркүйек айында америкалық Джермейн Франклинге төрешілердің шешімімен есе жіберіп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеген болатын. Ал Борнмуттағы табысты жекпе-жек арқылы ол сол сәтсіздіктен кейін қайта серпіліп, жеңіс жолына оралғанын дәлелдеді.

Айта кетейік, бокс кешін Zuffa Boxing промоушені ұйымдастырды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу