Иран құрамасы АҚШ визасын алды

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Иран құрамасы АҚШ визасын алды ашық дереккөзден

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Иран ұлттық құрамасы үшін маңызды мәселе оң шешімін тапты. Команда ойыншылары АҚШ аумағына кіруге қажетті визаларды алып, басты турнирге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Естеріңізге сала кетейік, саяси жағдайларға байланысты бұған дейін Иран құрамасы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. 

Иран футболшыларына визалар әлем чемпионатындағы алғашқы матчқа он күн қалғанда берілген. Алайда делегация құрамындағы кейбір әкімшілік қызметкерлердің құжаттары әлі толық рәсімделмеген.

Ирандық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, федерацияның атқарушы директоры Мехди Харати, бас хатшы Хедаят Момбини және медиа-директор Мохсен Мотамедкиа әзірге АҚШ визасын алмаған. Соған қарамастан, аталған мамандар командамен бірге Мексикаға аттанып, құжат рәсімдеу жұмыстарын жалғастырады.

Визалық мәселелерге байланысты Иран құрамасы оқу-жаттығу базасын АҚШ-тың Аризона штатынан Мексиканың Тихуана қаласына ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Бұл қадам команданың АҚШ аумағында болу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Иран құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 16 маусым күні Лос-Анджелесте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді. Топтық кезеңде олар сондай-ақ Бельгия және Мысыр құрамаларымен кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу