WTA жарысында Елена Рыбакина көш тізгінін жіберіп алды

WTA жарысында бәсеке қыза түсті.

WTA жарысында Елена Рыбакина көш тізгінін жіберіп алды ktf.kz

Күні кеше небәрі 19 жастағы Мирра Андреева Парижде өткен Франция ашық чемпионатында тамаша ойын көрсетіп, финалда польшалық Майя Хвалинсканы жеңді. Осылайша жас теннисші мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанып, WTA чемпиондық жарысында бірінші орынға көтерілді.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының чемпиондық жарысындағы көшбасшылық орнын жоғалтты.

Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жаңартылған рейтингте Рыбакина 4388 ұпаймен үшінші орынға сырғыды. Чемпиондық жарыстың жаңа көшбасшысы атанған ресейлік Мирра Андреева 4928 ұпай жинады. Беларусь өкілі Арина Соболенко 4510 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина биылғы Франция ашық чемпионатында жарыс жолын ерте аяқтады. Ол 1/32 финалда украиналық Юлия Стародубцеваға күтпеген жерден есе жіберіп, турнирден шығып қалған болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу