Алан Құрманғалиев Швециядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Хельсингборг қаласында WTT Youth Contender турнирі мәресіне жетті.

Алан Құрманғалиев Швециядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз U19 жас санатында сынға түсіп, жарыс барысында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Құрманғалиев турнир жолында бірқатар мықты қарсыластарын жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Қазақстандық спортшы алғашқы кезеңдерде швециялық Хьюго Джобс пен Обада Таббахты 3:0 есебімен ұтты. Кейін мажарстандық Балаж Поорды 3:1, үндістандық Абхинандх Прадхивадхиді тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңді. Сондай-ақ польшалық Ян Мругаланы 3:0 және даниялық Йохан Хавстинді 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Финалдық кездесуде Алан Польша өкілі Самуэль Михнамен шеберлік байқасып, қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Осылайша қазақстандық спортшы турнирдің алтын жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, бұл жеңіс Алан Құрманғалиевтің халықаралық рейтингтегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Турнир қорытындысы бойынша ол рейтингтік есепке 1000 ұпай еншіледі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу