Әлішер Жұмақан Словакияда өткен халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді.

Әлішер Жұмақан Словакияда өткен халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды Қазақстан велоспорт федерациясы

Қазақстан құрамасының велошабандозы Әлішер Жұмақан Словакияның Прешов қаласында өткен тректегі велоспорттан 9th Grand Prix Prešov (UCI C1) халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық құрама өкілі ерлер арасындағы скрэтч жарысында сәтті өнер көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесті. Бұл жарыс Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) күнтізбесіне енгізілген және әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар үлестірілетін беделді турнирлердің бірі саналады.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Польша спортшысы Дамиан Славэк иеленді. Ал Түркия өкілі Мұстафа Таракчи үздік үштікті түйіндеді.

Әлішер Жұмақанның бұл жетістігі тек жеке нәтиже ғана емес, Қазақстан құрамасы үшін де маңызды көрсеткіш болды. Турнирде жинаған рейтингтік ұпайлардың арқасында қазақстандық команда әлемдік рейтингтің үздік ондығына еніп, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жолында маңызды қадам жасады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу