ҚФФ Талғат Байсуфиновтың қызметінен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бұған дейін БАҚ-та таралған ақпараттар жалған болып шықты.

ҚФФ Талғат Байсуфиновтың қызметінен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды ашық дереккөзден

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Федерацияның хабарлауынша, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған бас бапкердің отставкасы туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

ҚФФ Талғат Байсуфиновқа толық қолдау білдіретінін атап өтті. Федерация маманның кәсіби біліктілігін, ұлттық құраманы дамытуға қосқан үлесін және команданы алдағы ресми матчтар мен халықаралық турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысына жоғары баға берді. 

Айта кетейік, бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Талғат Байсуфиновтың жетекшілігімен Мажарстанға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Дебрецен қаласындағы «Надьердеи» стадионында өтетін матч 22:00-де басталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу