Суда жүзуден қазақстандық спортшылар АҚШ-тағы турнирде төрт медаль иеленді
Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиыны барысында халықаралық жарыста сәтті өнер көрсетті.
Тұрар Қазанғапов
Ел құрамасының спортшылары бір апта бұрын Калифорния штатына дайындық жиынына аттанған болатын. 5-6 шілде күндері Калифорния штатындағы Фуллертон қаласында өткен «4th Annual Jon Urbanchek Invitational» турнирінде қазақстандық спортшылар төрт жүлдеге қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша Айбат Мырзамұратов 100 метр брасс әдісімен жүзуде 1 минут 03,33 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол 50 метрге еркін стильде жүзуде 23,02 секунд көрсеткішпен күміс жүлдеге ие болды.
Даниил Чужинов 200 метр кешенді жүзуде 2 минут 09,20 секунд нәтижемен екінші орынға тұрақтаса, Артур Миронов 100 метр брасс сайысында 1 минут 03,76 секунд уақыт көрсетіп, қола медаль еншіледі. Осылайша, қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті.