Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің екінші кезеңіне жолдама алды

Бүгін Қазақстан U-19 құрамасы Грекиядан жеңілсе де, топта үшінші орынмен Еуро-2027 іріктеуінің келесі кезеңіне шықты.

Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің екінші кезеңіне жолдама алды ҚФФ

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу кезеңінің бірінші раундындағы соңғы кездесуін өткізді.

А тобындағы үшінші тур аясында қазақстандық футболшылар Грекия құрамасымен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Салоники қаласындағы «Тумба» стадионында өткен матчта алаң иелері сапынан Николаос Аврамулис, Димитриос Бердос (дубль) және Антониос Аретис мергендік танытты.

Қазақстан құрамасының сапында Исмаил Бекболат пен Аламгир Смаков гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Осыған дейін Қазақстан құрамасы Португалиямен 1:1 есебімен тең түсіп, Сербияны 3:1 есебімен жеңген болатын. Сол нәтижелердің арқасында жерлестеріміз соңғы турға дейін-ақ іріктеу кезеңінің екінші раундына жолдаманы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Еуро-2027 турнирінің екінші іріктеу кезеңінің жеребесі 15 маусымда өтеді. Ал ойындар қараша айына жоспарланған. Алда командаларды элиталық раунд күтіп тұр. Оның қорытындысы бойынша құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне қатысатын құрамалар анықталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу