София Берульцева 2026 жылғы маусымның үздік спортшысы атанды

София Берульцева кумите бағдарламасының +68 келі салмақ дәрежесінде 2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Grand Winner» атағын жеңіп алды.

София Берульцева 2026 жылғы маусымның үздік спортшысы атанды gov.kz

София Берульцева кумите бағдарламасының +68 келі салмақ дәрежесінде 2026 жылдың үздік спортшысы атанып, мансабындағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді.

Қазақстандық спортшы Karate One Premier League сериясының биылғы алғашқы үш кезеңінде қатарынан жеңіске жетіп, қарсыластарынан айқын басым түсті. Нәтижесінде Берульцева жалпы рейтингте қолжетпес ұпай қорын жинап, маусым аяқталмай тұрып-ақ чемпион атанды.
Осы орайда Халықаралық каратэ федерациясы қазақстандық спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, оның 2026 жылғы маусымдағы жарқын өнерін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, Karate One Premier League - әлемнің үздік каратэшілері қатысатын халықаралық деңгейдегі ең беделді жарыстардың бірі. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу