Елена Рыбакина Лондонда өтетін турнирге қатысады

Елена Рыбакина жарыс жолын бірден 1/8 финалдан бастайды.

Елена Рыбакина Лондонда өтетін турнирге қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Елена Рыбакина Ұлыбритания астанасы Лондонда өтетін беделді The Queen’s Club Championships турнирінде өнер көрсетеді. 

Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастайды. Жоғары нөмірмен тіркелген Рыбакина алғашқы кезеңде матч өткізуден босатылған болатын.

Оның келесі қарсыласы грек теннисшісі Мария Саккари мен германиялық Татьяна Мария арасындағы кездесуде анықталды. Әлемнің 52-ракеткасы саналатын Татьяна Мария қарсыласынан басым түсіп, екі сетте де жеңіске жетті - 6:3, 6:3.

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен Татьяна Мария арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 11-маусым күні 16:40-та басталады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу