Гиорги Зария «Ақтөбеге» ауысты

Ол бұған дейін алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсеткен болатын.

Гиорги Зария «Ақтөбеге» ауысты kpl.kz

«Ақтөбе» футбол клубы құрамын тәжірибелі жартылай қорғаушы Гиорги Зариямен толықтырды. 28 жастағы грузиялық футболшы қызыл-ақтар сапына еркін агент мәртебесінде қосылды.

Кутаиси қаласының тумасы кәсіби мансабында Грузияның бірнеше танымал клубында өнер көрсетті. Атап айтқанда, ол «Саско», Тбилисидің «Динамо» және Батумидің «Динамо» командаларында ойнап, ел чемпионатында елеулі жетістіктерге жетті. Зария Грузия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанып, бір рет Суперкубокты жеңіп алған.

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс футболшы бұған дейін алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар Қазақстан Суперкубогын де иеленген.

Мансабы барысында Гиорги Зария 250-ден астам матч өткізіп, 42 гол соғып, 29 нәтижелі пас берген. Оның тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері «Ақтөбенің» ортаңғы шебін күшейтуге сеп болмақ.

Халықаралық деңгейде Зария Грузияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған. Ал 2021 жылдан бері Грузия ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырту алып келеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу