Александр Бублик Штутгартта ширек финалда өнер көрсетеді
Бүгін Қазақстан уақытымен 15:00-де Александр Бублик кортқа шығады.
Әлемнің 11-нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы шөп төсенішіндегі турнирде сәтті өнер көрсетуде. Қазақстандық спортшы бірден екі сында - жекелей және жұптық разрядта ширек финалға шықты.
Жұптық сайыста Бублик аустралиялық теннисші Ник Кирьоспен бірге жарысты жеңіспен бастады. Алғашқы айналымда қазақстандық-аустралиялық дуэт швейцариялық Якуб Поль мен америкалық Райан Сегерманнан құралған жұпты 6:3, 2:6, 10:6 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Ал бұған дейін Александр Бублик жекелей сында да ширек финалға шыққан болатын. Екінші айналымда ол Германия өкілі Ян-Леннард Штруффпен кездесіп, тартысты матчта жеңіске жетті. 1 сағат 45 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 7:6, 3:6, 6:2 есебімен басым түсті.
Бүгін 1/4 финалда Александр франциялық Джованни Мпетши Перрикармен кездеседі.