Әлем чемпионатында Канада мен Босния және Герцеговина тең түсті
Бүгін әлем чемпионатында Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін ойыншы алаңға шықты.
ашық дереккөзден
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының B тобындағы Канада – Босния және Герцеговина матчы 1:1 есебімен аяқталды. Кездесу Торонто қаласында өтті.
Босния сапынан 21-минутта Йово Лукич есеп ашты. Голға нәтижелі пас берген Иван Башич. Ал 78-минутта Канада құрамасынан Кайл Ларин таразы басын теңестірді.
Бұл нәтиже 2026-жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы тең ойын ретінде тіркелді. Осылайша қос команда бір ұпайдан еншілеп, тең тарқасты.
Айта кетйік, бұл матчта «Астана» клубының ойыншысы Иван Башич негізгі құрамда алаңға шығып, 62-минутта алмастырылды. Осылайша, ол әлем чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы футболшысы атанды.