Геннадий Головкиннің жұдырығының мүсіні АҚШ-тағы Бокс даңқы залынан орын алады

Геннадий Головкиннің есімі әлемдік бокстың ұлы тұлғаларының қатарында мәңгілікке қалмақ.

Геннадий Головкиннің жұдырығының мүсіні АҚШ-тағы Бокс даңқы залынан орын алады wbaboxingofficial

Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында орналасқан Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылдау рәсімі аясында іс-шараға қатысты. 

Даңқ залының дәстүріне сәйкес, әйгілі боксшының жұдырығының мүсінін жасау үшін арнайы қалып алынды. Рәсім барысында Головкин оң қолын арнайы ерітіндіге батырып, болашақ мүсіннің негізін қалады. Кейін осы қалып арқылы гипс немесе қоладан жасалған дәл көшірме әзірленіп, музей экспозициясына қойылады.

Осылайша, Геннадий Головкиннің жұдырығының мүсіні АҚШ-тағы Бокс даңқы залында мәңгі сақталып, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жанкүйерлер назарына ұсынылады.

Ресми мәліметке сәйкес, қазақстандық боксшыны Халықаралық бокс даңқы залына қабылдау салтанаты 14 маусым күні өтеді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу