Бразилия мен Марокко жеңімпазды анықтай алмады

Бразилиялықтар фаворит саналғанымен, Марокко құрамасы да оңай қарсылас емес екендерін дәлелдеді.

Бразилия мен Марокко жеңімпазды анықтай алмады Dan Mullan/Getty Images

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ең тартысты кездесулердің бірі - Бразилия мен Марокко құрамалары арасындағы матч тең аяқталды. АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өткен ойында аталмыш командалар 1:1 есебімен тең түсті. 

Кездесуді белсенді бастаған Марокко құрамасы 21-минутта есеп ашты. Исмаэль Сайбари қарсылас қақпасынан саңылау тауып, африкалық команданы алға шығарды. Марокколықтар бірінші таймда сенімді ойын көрсетіп, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды.

Алайда Бразилия көп күттірмей жауап қайтарды. 32-минутта Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді. 

Екінші таймда қос команда да жеңіс голын соғуға талпынғанымен, есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде әлемдік рейтингте алтыншы және жетінші орындарда тұрған құрамалар бір-бір ұпайдан еншіледі.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу