Ризабек Айтмұхан RAF лигасында америкалық балуанды тізе бүктірді
Ризабек Айтмұхан айқын басымдықпен жеңіске жетті.
ашық дереккөзден
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен RAF 10 турнирінде жеңіске жетіп, халықаралық аренадағы кезекті жеңісін тіркеді.
Ризабек бұл жолы АҚШ құрамасының тәжірибелі өкілі Хейден Зилльмермен белдесті. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық балуан 6:4 есебімен басым түсіп, RAF лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Бұл Ризабектің аталған промоушндегі екінші кездесуі болды. Бұған дейін ол чемпиондық белбеу үшін Олимпиада чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен күш сынасып, жеңіліс тапқан еді.
Айта кетейік, Хейден Зилльмер үшін бұл RAF ұйымындағы дебюттік белдесу болды. 34 жастағы америкалық балуан АҚШ ұлттық құрамасының сапында жеті рет өнер көрсеткен тәжірибелі спортшы Дегенмен, оның тәжірибесі әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның жолын кесуге жеткіліксіз болды.
Белдесу аяқталғаннан кейін жанкүйерлердің бір бөлігі төрешілер шешіміне наразылық танытқанымен, жеңіс ресми түрде қазақстандық спортшыға берілді.